×

Қазақстанда жоғары жалақы үшін жұмысынан кеткендер көбейген – Ұлттық банк

Ал жалақының өсуі елдегі инфляцияға қысымды күшейтіп отыр

 Халық үні 10.11.2021 | 10:34

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, биыл қазан айында еліміздегі іскерлік белсенділік индексі оң көрсеткіш көрсетіп, 50,1 болған. Айтуынша, іскерлік белсенділіктің жақсаруы жұмыс күшіне деген сұранысты арттырып отыр. Биыл бірінші жартыжылдықта ол 49%-ға дейін өскен. Тіпті мұндай сұраныс жұмыс іздеушілер көрсеткішінен де асып түскен.

Кей салада жұмыс орындарының бес ай қатарынан қысқаруы кезінде еңбекақының өскені байқалады. Досаевтың сөзінше, соған сай қызметкерлер де барынша қолайлы еңбек жағдайын, жоғары жалақы іздеп, жұмысынан шығуды көбейткен.

Жалақының ұлғаюы екінші жағынан қызмет құнын өсіре бастаған. Бас банктің мәлімдеуінше, былтыр шілдеден бері оның индексі 49-дан 67-ге дейін бір-ақ өскен. Іскерлік белсенділіктің қалпына келуі мен жалақының өсуі қызмет құнының артуына алып келді. Ал ол елдегі инфляцияға қысымды күшейтіп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама