×

Ақтауда учаскелік полицейді пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

Қайғылы оқиға кезінде полиция қызметкері еңбек демаласында болған.

 Халық үні 04.08.2022 | 00:32
фото: sputnik.kz

Ақтауда пышақталған учаскелік полицей жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды. 

Бұл туралы mangystaumedia.kz хабарлады. 

3 тамызда сағат 03.50 шамасында Ақтау ювеналды полициясының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы мойын тұсындағы жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілген.

Пышақталған учаскелік полицей жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды. Оны өлтірді деген күдікпен 27 жастағы жігіт ұсталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қаза тапқан азамат 26 жаста, Маңғыстау облысында туған, үйленген. Артында 3 баласы қалды. Қайғылы оқиға кезінде полиция қызметкері еңбек демаласында болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама