×

Каспий құбыр консорциумы жұмыс істеп тұр

Қазіргі уақытта Теңіз-Новороссийск мұнай құбыры жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр

 Халық үні 30.07.2022 | 11:24
Фото: ашық дереккөздерден

Теңіз — Новороссийск мұнай құбырындағы екі мұнай айдау станциясы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.Бұл туралы Каспий құбыр консорциумының баспасөз қызметі мәлімдеді.

2022 жылы 29 шілдеде «КҚК-К» АҚ-тың «Құрманғазы» және «Исатай» мұнай айдау станцияларында мұнай құбыры объектілерінің штаттық жұмыс режимін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін кернеу берілді, – деп хабарлайды консорциумның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Теңіз-Новороссийск мұнай құбыры жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл мұнай жөнелтушілер өтінімдерінің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

27 шілдеден бастап «Құрманғазы» және «Исатай» станциялары қолайсыз ауа райы жағдайлары мен бірнеше электр бағанының құлауына байланысты электр қондырғысынан ажыратулы болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама