Алматыда өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
Оқиға жаңа ғимаратта болған
![](https://halyq-uni.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2024/05/08/663b3439cc6af684154975.jpeg)
Алматы қаласының өрт сөндірушілері жаңа ғимаратта жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Бостандық ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында құрылыс қоқысы жанды. Өрт сөндірушілер от шыққан үй-жайдан бір газ баллонын қауіпсіз жерге алып шықты.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер шақырылған сәттен бастап 14 минут ішінде 8 шаршы метр алаңдағы жалынды жойды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі - отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
Астанада жатақхана өртенді. Ақтөбеде өртенген үйден екі адамның денесі табылды. Алматы облысында мейрамхана өртке оранды. Өскеменде 5 қабатты тұрғын үйде пәтер өртенді. ШҚО-да демалыс базасында өрт шықты. Абай облысында тағы да орман өртке оранды.