×

Абай облысында тағы да орман өртенді

Бұл аймақ жетуге қиын батпақты жерде орналасқан

 Динара Амантай 26.04.2024 | 15:29
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Абай облысы Бородулиха ауданындағы «Семей орманы» МОТР филиалының аумағында орман өртенді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл аймақ жетуге қиын батпақты жерде орналасқан.

Өртті сөндіруге Абай облысының ТЖД және табиғи резерватының күштері жұмылдырылды. Өрттің ауданы нақтыланып жатыр.

Алдын ала болжам бойынша, өрт 0,22 гектар алаңда оқшауланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама