×

Ұлыбритания ұшқыштары Ресей армиясымен соғысуға дайын отыр

Мәскеу «барған сайын агрессивті» болып келе жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 18.07.2022 | 16:15
фото: unian.net

Ұлыбритания Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы Майк Вигстон британ истребительдерінің Ресейге шабуыл жасауға дайын тұрғанын мәлімдеді.

Бұл туралы «УНИАН» агенттігі хабарлады.

Ол мәлімдемені Sky News эфирінде жасаған.

Егер Путиннің қарулы күштері Ұлыбритания немесе оның одақтастары үшін қауіп төндіретін болса, британ ұшақтары мен пилоттары олармен соғысуға дайын, – деді ол.

Қолбасшы Британияның Ресеймен соғысқа қаншалықты дайын екені туралы сұраққа ол Мәскеудің «барған сайын агрессивті» болып келе жатқанын айтып жауап берді.

Біз мұның бәріне де дайын болуымыз керек. Менің ойымша, Еуропа қауіпсіздігі мына басқыншылықтан сабақ ала білгені бәрінен маңызды, – деді ол.

Сондай-ақ ол Ресейдің басқыншылық саясаты Украинадағы соғысқа дейін Грузия көрінгенін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама