×

Головкин спорттық карьерасын қандай жағдайда аяқтайтынын айтты

Ол қарсыластарымен жұдырықтасуға күші жететін атап өтті

 Дәурен Ерболат 13.07.2022 | 10:00
Фото: ©Instagram/gggboxing

Орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37КО) спорттық карьерасын қашан аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Мұны айту қиын. Мен бойымда күш барын сезінсем, денем маған тоқтау керегін айтпаса, ісімді жалғастыра беремін. Менде 160 фунтта үш белбеу бар. Сондықтан алдағы жекпе-жекте (168 фунт) жеңіске жету немесе жеңілу менің қашан отставкаға кету туралы шешіміме әсерін тигізбейді. Мұндағы мәселе өзіңе адал болу, ақыл-ой мен денеңе мән беру, оларды қашан тоқтату керегін айтқан сәтті сезінуге байланысты. Сонда сен тоқтайсың, - деді Геннадий Головкин.

Еске салайық, биыл 17 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында WBA Super және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-1-1, 37КО) супер орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы Сауль «Канело» Альвареспен (57-2-2, 39КО) үшінші жекпе-жегін өткізеді.

Бұған дейін де қазақстандық спортшы кәсіби мансабын аяқтауға қатысты пікір білдірген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама