×

«Уақыты келгенде шешім қабылдаймын»: Головкин карьерасын аяқтай ма?

Келесі жепке-жектен кейін не істейтінімізді ойлаймыз дейді

 Еркеғали Болатұлы 04.07.2022 | 16:59
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Сауль «Канело» Альвареспен (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жек алдында карьеарсын аяқтауға қатысты ойын айтты деп хабарлады Fightnews.info.

Ары қарайғы әрекетімізді нәтижеге байланысты жоспарлаймыз. Келесі жепке-жектен кейін не істейтінімізді ойлаймыз. Зейнетке шығу өте қиын мәселе. Әр күн жаңа дүние алып келуі мүмкін. Келесі айқастан кейін қаржылық жағынан қандай мүмкіндіктер ашылатынын және қаншалықты қызық айқастар бары белгілі болады. Мен уақыты келгенде шешім қабылдаймын, - дейді ол.

Айтуынша, әзірге болжам жасау қиын. Өзіне ұнайтындықтан, бокспен шұғылдана бермек ниетте.

«Зейнетке кету әдетте бір ғана себепке байланысты болмайды. Бұған бірқатар себеп итермелейді. Ал әзірге мен додадамын», - дейді Головкин.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама