×

Головкин «Канеломен» трилогиясына дайындығын көрсетті (ВИДЕО)

Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші жекпе-жек биылғы 17 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobele аренасында өтеді

 Қанат Атаманов 25.06.2022 | 07:30
Фото: ашық дереккөздерден

WBA Super және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-1-1, 37КО) супер орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альвареспен (57-2-2, 39КО) үшінші жекпе-жегіне дайындығын жалғастыруда.

GGG Instagram-дағы жеке парақшасында АҚШ-тағы жағажайда өткізіп жатқан жаттығуынан фото және видео жариялады.

Еске салсақ, Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші жекпе-жек биылғы 17 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobele аренасында өтеді. Қос боксшының бұған дейінгі екі кездесуі де осы жерде ұйымдастырылған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама