×

Өзбекстанның хоккей командасы Қазақстан біріншілігіне қатысады

«Хумо» командасы 2018 жылы Ташкент қаласында құрылған

 Қанат Атаманов 13.07.2022 | 06:30
Фото: inform.kz

Өзбекстандық «Хумо» командасы шайбалы хоккейден Қазақстан біріншілігіне қатысуға мүмкіндік алды.

Бұл жөнінде қос елдің шайбалы хоккей федерациялары өзара келісімге келді. Жақында уақытта қажетті құжаттар реттеліп, өзге де талаптар бойынша тиісті талапқа келтіріледі.

«Хумо» командасы 2018 жылы Ташкент қаласында құрылған. Аталған клуб құрамында өзбекстандық хоккейшілермен бірге ресейлік және украиналық спортшылар өнер көрсетеді.

Айта кетсек, «Хумо» командасының фарм-клубы 2019-2020 жылдарда Қазақстан біріншілігіне қатысқан болатын. Сол жылы көрші елдің құрамасы 10-орынды қанағат тұтты.

Шайбалы хоккейден Президент кубогының ойын кестесі белгілі болды. Биылғы құрлықтық хоккей лигасы қыркүйекте басталады.

Біз бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыровтың «Барыс» хоккей клубының шабуылшысы Линден Вейдің бір жылдық жалақасының көлеміне наразылық білдіргенін жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама