×

«Барыстың» айлығына депутаттар наразы: олар мәселе етіп көтеруге уәде берді

Хоккейшілердің жалақысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның қоғамдық кеңесінде айтылады

 Дастан Жұмабекұлы 22.06.2022 | 10:21
коллаж: Halyq Uni

Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров «Барыс» хоккей клубының шабуылшысы Линден Вейдің бір жылдық жалақасының көлеміне наразылық білдірді.

Ол хоккейшінің айлығын «Самұрық-Қазына»  ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының қоғамдық кеңесінде мәселе етіп көтеретінін айтты.

«Барыс» хоккей клубының Линден Вей деген ойыншысының бір жылдық жалақысы 481 млн теңге екен. 

Бұл неғылған «батпан құйрық»?

«Барысты» «Самұрық-Қазына» қаржыландырады деген рас па?

Бұл мәселені мен «Самұрық-Қазынаның» қоғамдық кеңесінде көтеретін боламын, - деді ол.

Бұған дейін хабарланғандай, канадалық хоккеист Линдей Вей «Барыс» клубымен жаңа келісімшартқа қол қойды.

Шабуылшы командамен келісімшартын бір жылға ұзартып, қазіргі рубльдің курсымен есептегенде жылына 481 миллион теңге алатын болып келісті. Сонда ол айына 40 млн теңге алатын болады.

«Барыс» хоккей клубының шабуылшысы Никита Михайлис та командамен жаңа келісімшартқа қол қойып, жаңа келісім бойынша жылына 50 млн рубль (шамамен 870 мың доллар) жалақы алатыны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама