×

Қарағанды облысында көлік суға батып, екі адам көз жұмды

Қарағанды - Қарқаралы бағытында кетіп бара жатқан жеңіл көлік жол шетіндегі суға құлап кетті

 Халық үні 10.07.2022 | 13:38
Фото: ашық дереккөздерден

Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы оқиға 9 шілде күні сағат 18.15 шамасында «Қарағанды-Қарқаралы» автожолының 34-ші шақырымында болған. «Ауди 80» автокөлігінің 56 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік жол шетіне шығып кетіп, суға батқан.

Жол апаты салдарынан 70 және 56 жастағы жолаушылар оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - делінген хабарламада. 

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама