×

Шымкентте жігітімен жанжалдасқан қыз қонақ үйдің терезесінен секірмек болған

Дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша тіркелді

 Еркеғали Болатұлы 05.07.2022 | 11:51
фото: ашық дереккөз

Шымкенттегі қонақүйлердің бірінде полицейлер өзіне қол салмақ болған қызды құтқарып қалды.

Оқиға 3 шілдеде болған. 21:40 шамасында полиция департаменті жедел басқару орталығына қыздың 3-қабаттан секіргелі жатқаны туралы ақпарат түскен.

«Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері келіп, 23 жастағы қызды құтқарып қалды. Анықталғандай, ол мұндай қадамға жігітімен жанжалдан кейін барған. Дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне Қылмыстық кодекстің 105-бабы Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша тіркелді», – деді полицейлер.

Ескерту: қызды құтқару кезіндегі видео адам өміріне қауіп төнген сәтті насихаттамауға қатысты заң талаптарына сай әлеуметтік желілерден өшірілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама