×

Хаос жағдайында реформалар жасау мүмкін емес – Тоқаев

Еуропарламент Қазақстанға қатысты қарар қабылдады: депутаттар санкция салуға шақырды

 Халық үні 21.01.2022 | 08:27
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халықаралық міндеттемелеріне және адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы әмбебап қағидаттарға бейілдігін сақтайтынын мәлімдеді.

Біз саяси жаңғыруға негізделген бағытымызды ешқашан өзгертпейміз. Хаос жағдайында даму, тұрақтылықты сақтау және реформалар жасау мүмкін емес. Заң мен тәртіп – тұрақтылығымыздың негізі, - деп жазды Президент.

Еске салайық, 20 қаңтарда Еуропа парламентінің депутаттары Қазақстандағы соңғы наразылықтар мен тәртіпсіздіктерге байланысты адам құқықтарын қорғау туралы қарарды басым дауыспен қабылдады.

Еуропарламент депутаттары бұл қарарда 2022 жылдың қаңтарында болған наразылықтарға байланысты халықаралық тергеуді бастауға, сондай-ақ қазақстандық шенеуніктерге «адам құқықтарын өрескел бұзғаны үшін» ЕО режимі аясында санкциялар салуға шақырып отыр.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Еуропа парламенттің қабылдаған қарары біржақты сипатқа ие екенін және объективті емес тұжырымдарға негізделгенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама