×

ШҚО-да 20 жастағы ер адамнан көп пакет есірткі табылды

Күдікті 15 жылға сотталуы мүмкін

 Дастан Жұмабекұлы 30.04.2024 | 14:51
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында 20 жастағы ер адамнан бірнеше пакетке салынған есірткі табылды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, қазір жас жігіт есірткі саудасымен айналысты деген күдікке ілініп отыр. Полицейлер ер адамды есірткіні қойып жатқан жерінен ұстаған. Оны тінту кезінде жедел уәкілдер изолентамен оралған ерекше иісі бар ұнтақ зат салынған 8 полимерлі пакетті және сөмкеден тағы 10 пакетті тәркілеген.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері күдіктінің тұрғылықты жерінен жалпы салмағы 42 грамнан асатын α-PvP психотроптық заттарын тәркілеген. Бұл есірткі қара базарда 140 реттік доза болады. Күдіктіге қатысты есірткіні сақтағаны және оны сатқаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Оны мүлкін тәркілеумен 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама