×

Қазақстан теннисшілері WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты

Елена Рыбакина, Юлия Путинцева мен Александр Бублик 1/8 финалда ойнайды

 Дастан Жұмабекұлы 29.04.2024 | 18:18
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина, Юлия Путинцева мен Александр Бублик Испанияның астанасы - Мадрид қаласында өтіп WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты.

Елена Рыбакина үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған мысырлық Майар Шерифпен ойнап, оны 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

Бірінші партияда Рыбакина 5:0 есебімен алға шықты. Содан кейін партияны 6:1 есебімен жеңді.

Екінші сетте де отандасымыз 3:1 есебімен алға шығып, сол қарқынынан танған жоқ. Есеп – 6:4.

1 сағат 30 минутқа созылған матчта Рыбакина 1 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Енді Рыбакина ширек финалға шығу үшін рейтингіде 136-сатыдағы чехиялық, 18 жастағы Сара Бейлекпен кездеседі. 

Юлия Путинцева да Мадрид WTA 1000 турнирін сәтті өткізіп жатыр.

Теннисші үшінші айналымда әлемнің 56-ракеткасы, америкалық Кэролайн Доулхайдтың мысын басты. Ол қарсыласын 6:2, 6:2 есебімен жеңді.

Путинцева бір сағаттан астам уақытқа созылған ойында 5 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ.

Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін ресейлік әлемнің 11-ракеткасы Дарья Касаткинамен жолығады.

Александр Бублик те Мадрид (Испания) ATP 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты. Ол үшінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы, 21 жастағы америкалық Бен Шелтонмен кездесіп, одан 6:3, 7:6 (7:2), 6:4 есебімен айласын асырды.

Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 4-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев немесе рейтингіде 26-орындағы тағы бір америкалық Себастьян Кордамен ойнайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама