×

Полиция 3,5 мың тонна насыбай тәркіледі

200-ге жуық кәсіпкер жауапқа тартылды

 Дәурен Ерболат 05.04.2024 | 16:25
Фото: Astanatv.kz

Қазақстанда полиция 3,5 мың тонна насыбай тәркіледі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ол Наурыз мейрамы қарсаңында және аяқталғаннан кейін «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында темекі өнімдерін заңсыз тарату фактісін анықтау үшін рейдтер жүргізілгенін жеткізді.

Нәтижесінде жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдерін тұтынудың 1,5 мың фактісі тоқтатылды. Кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатудың 174 фактісі анықталды. 21 жасқа толмаған адамдарға темекі өнімдерін сатқан 186 кәсіпкер жауапқа тартылды, - деді Шыңғыс Алекешев ІІМ-де өткен онлайн брифингте.

Сондай-ақ шегілмейтін темекі өнімдерін (насыбай, снюс) сату мен таратудың 1,5 мыңнан аса фактісі тіркелген.

Шегілмейтін темекі өнімдерін өндірген жасырын 2 цех анықталды. Шамамен 3,5 тонна насыбай тәркіленді. Мысалы, Ақтөбе қаласында үйлердің бірінде насыбай өндірілген. Ол жерден жалпы салмағы 500 келі болатын 5 қап шегілмейтін темекі өнімі тәркіленді, - деді ресми өкіл.

Бұған дейін есірткі тұтынған 16 жүргізушінің жауапқа тартылғаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама