×

Елімізде алдағы үш күнде -10°С-қа дейін аяз болатыны болжанды

Батыс өңірінде ғана күн жылы болады

 Еркеғали Болатұлы 29.03.2024 | 16:40
фото: catalog-photo.ru

Қазақстанның аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. «Қазгидромет» РМК синоптиктері Zakon.kz тілшісіне 2024 жылдың 30 наурызы мен 1 сәуірі аралығындағы ауа райы болжамын ұсынған.

Таратылған хабарламада Екатеринбург үстінде орналасқан ауқымды циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелер Қазақстанның барлық дерлік аумағына әсер етеді деп күтіліп отыр.

30 наурызда Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында, 31 наурызда Шығыс Қазақстан облысында қатты жауын-шашын болады, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ толассыз жауған жаңбыр Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарын да айналып өтпейді.

Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы түнде -3-10 градус аязға дейін төмендейді, күндіз +5-13 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда түнде ауа температурасы төмендейді. -6 градус аяз, күндіз +5-18 градусқа дейін көтеріледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Еліміздің батысында ғана күн жылы болады.

«Ауа температурасы түнде 1-6 градусқа дейін, күндіз 13-18 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде», – дейді синоптиктер.

Айта кетсек, бұған дейін елорда әкімдігі мен төтенше жағдайлар департаменті мегаполис тұрғындары мен қонақтарына үндеу жолдаған болатын. Олар қатты жел мен нөсер жаңбыр болатынын ескертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама