×

Астаналықтарға ескерту жасалды

Бүгін қалада қатты жел соғып, жаңбыр жауады

 Дәурен Ерболат 29.03.2024 | 10:40
Фото: nur.kz/ Петр Карандашов

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елордалықтарға ескерту жасалды, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Қазгидромет» РМК дерегі бойынша, бүгін Астанада жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан қатты жел соғып, оның екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қала тұрғындары мен қонақтары көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болуы керек. Үйлердің қабырғаларында, аялдамаларда, билбордтардың жанында, ағаштардың астында тұрмаңыз. Сымдар мен белгілерге жақындамаңыз. Көлікті ескі және жалғыз тұрған ағаштардың жанына қоймаңыз, - деп жазылған хабарламада.

Төтенше жағдайлар кезінде тұрғындар 109 қызметіне хабарласа алады.

Бүгінде қаланың барлық коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама