×

Тараз тұрғындары 246 млн теңгеден айырылып қалды

Қылмыстық әрекет салдарынан 130 адам жәбір көрген

 Еркеғали Болатұлы 29.04.2024 | 09:55
фото: Halyq Uni

Тараз соты 130 адамды алдап кеткен 5 адамға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлады қалалық №2 соттың баспасөз қызметі.

Іс материалына сәйкес, Т. өзінің қылмыстық сыбайластары Д., И., К. және И.-мен бірге алдын ала сөз байласу арқылы жеке тұлғалардың сенімін теріс пайдаланып, олардың атына онлайн тауарлық несие ресімдеп, тауарды қолма-қол ақшаға айналдыру арқылы алаяқтық әрекет жасаған.

Сотталғандардың қылмыстық әрекеті салдарынан 130 адам жәбір көріп, оларға жалпы 246 млн теңгеден астам сомада материалдық залал келтірілген, - деп жазылған хабарламада.

Сотталғандардың кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, бейне және өзге де заттай айғақтармен толық және объективті түрде дәлелденді.

Сот Т.-ны кінәлі деп танып, оны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан 5 жылға айыра отырып, 8 жыл мерзімге соттады.

Ал Д., К., және И. 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Олар да 5 жыл бойы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарында жұмыс істей алмайды.

Сотталған И. кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Сот талқылауы барысында келтірілген залал ішінара өтелген. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама