×

Елімізге 45 жүк көлігі контрабанда арқылы кіргізілген

Тергеп-тексеру материалдары сотқа жолданды

 Динара Амантай 26.03.2024 | 09:56
Фото: видеодан скриншот

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен жүк көліктерінің экономикалық контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тергеу барысында қылмыстық топтың Қазақстанға жалған құжаттарды пайдалана отырып, есепке қойылған заңсыз 45 жүк көлігі мен тіркеме кіргізгені анықталды. Бұл мемлекетке 180 млн теңге төленбеген кедендік төлемдер, сондай-ақ 205 млн теңге тіркеу төлемдерін төлемеу түрінде залал келтірді.

Тергеп-тексеру материалдары сотқа жолданды. ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама