×

Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға халықаралық іздеу жарияланды

Келтірілген залал сомасы 63 млн теңгеден асады

 Динара Амантай 01.03.2024 | 12:30
Фото: ҚМА баспасөз қызметі

Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2019-2022 жылдары Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысының аумағында Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша 1990 жылы 11 қазанда туған Қазақстан Республикасының азаматы Жұбанаев Алмас Оразалыұлына іздеу жариялады. Оған қатысты «Қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы белгіленіп, халықаралық іздеу жарияланды.

Жұбанаев Алмас Оразалыұлы заңсыз қызметін іске асыру барысында Instagram әлеуметтік желісін пайдалану арқылы Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларынан адамдарды тартып, тренингтер және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген, – делінген ҚМА хабарламасында.

Жәбірленушілердің жалпы саны – 59 адам, келтірілген залал сомасы – 63 млн 373 мың 356 теңге.

Егер сіз іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, мына телефондарға хабарлауға болады: 8-775-125-55-54; 8-701-527-10-45.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама