×

Алматы әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады

Халық жиналатын орындар белгілі болды 

 Халық үні 23.01.2024 | 01:30
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматы әкімдігі қаланың әр аймағында ТЖ кезінде халық жиналатын орындардың жұмыс істеп тұрғанын хабарлады. 

Әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, бұл құрылыс стандарты мен ережелерге сәйкес келетін білім беру ұйымдары: мектептер, балабақшалар, колледждер, университеттер.

Барлық мәлімет 2ГИС Алматы платформасында орналасқан. Іздеу кезінде «зардап шеккен халықты қабылдау пункті» деп терсеңіз, картадан халық жиналатын орындар көрсетіледі. Мұндай деректер Алматы қаласы ТЖД және аудандық әкімдіктердің ресми сайтында қолжетімді. Қазіргі уақытта аудан әкімдіктерінің қызметкерлері жиналу орындарында, - делінген хабарламада. 

Әкімдік сонымен қатар, барлық стационар, перзентхана, жедел жәрдемнің қалыпты режимде жұмыс істейтінін хабарлады. 

Алматы қаласы бойынша баспанасыз қалған зардап шеккен халықты жинау пункттері.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жер сілкінісі болғанын жазған болатынбыз. 

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстен мен Қырғызстан шекарасы аумағында болды.

Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км.

Жер сілкінісі Алматыда 4 балл деңгейінде (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілді.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмысына мониторинг жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама