×

Ұшақтың апаттық есігін ашқан ер адам жауапқа тартылды

Құқық бұзушы акт бойынша рейстен түсірілді

 Динара Амантай 25.12.2023 | 13:00
Фото: polisia.kz

Әуе кемесінің апаттық есігін ашқан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еске сала кетсек, 23 желтоқсанда Fly Arystan әуе компаниясы өкілдерінің өтініші бойынша Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Шымкент – Алматы бағытындағы рейс жолаушысын анықтап, ұстаған болатын. Құқық бұзушы акт бойынша рейстен түсірілді.

Тексеру барысында ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбаған Алматы қаласының 29 жастағы тұрғынының мас болғаны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол орташа дәрежелі мас күйде болған.

Құқық бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі, 566-бабы 1-бөлігі, 434-бабы 1-бөлігі бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырып, 8 АЕК көлемінде айыппұл салды. Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданатын болады, – делінген хабарламада.

Аталған бап бойынша құқық бұзушы 15 тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға алу түрінде жазалануы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама