×

Ұшақтың апатты есігін ашқан жолаушы Алматы полициясына тапсырылды

Жағдайдың мән-жайын анықтау үшін Қазақстанның авиация әкімшілігі тиісті тексеру жүргізеді

 Халық үні 24.12.2023 | 07:20
Фото: avianews.com

Ұшақтың апатты жағдайға арналған қосалқы есігін негізсіз ашқан жолаушы Алматы полициясына тапсырылды.

«Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде жолаушы ұшақтың апаттық есігін өздігінен ашып жатқан видео таралып жатыр. Осыған байланысты Азаматтық авиация комитеті келесіні хабарлайды: 2023 жылғы 23 желтоқсанда «Шымкент – Алматы» бағыты бойынша FlyArystan әуе компаниясының КС7106 рейсі жергілікті уақыт бойынша сағат 01:19-да қонғаннан кейін жолаушы апаттық есікті ашты. Борт тексеріліп, ұшуларды орындауға рұқсат етілді. Жолаушы шара қолдану үшін Ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген Азаматтық авиация комитетінде.

Мәлім етілгендей, жағдайдың мән-жайын анықтау үшін Қазақстанның авиация әкімшілігі тиісті тексеру жүргізеді.

«Тексеру есікті өз бетімен ашқан жолаушыға да, автотрап беруге жауапты әуежай қызметтеріне де қатысты жүргізілетін болады», - делінген ұсынылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама