×

Футзал: Қазақстан мен Өзбекстан жолдастық матч өткізеді

Ойындар келесі жылдың 8-10 сәуір аралығында Ташкентте болады

 Дастан Жұмабекұлы 22.12.2023 | 09:45
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футзалдан Қазақстан құрамасы Ташкент қаласында Өзбекстан командасымен екі жолдастық матч өткізеді.

Матчтар келесі жылдың 8-10 сәуір аралығында Өзбекстанның астанасында болады.

2021 жылы Астанада Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары өзара екі жолдастық кездесу өткізген. Алғашқы ойын 3:1 есебімен ұлттық құраманың жеңісімен аяқталса, екінші матчта Өзбекстан футзалшылары 4:6 есебімен жеңді.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты элиталық іріктеу турнирінің соңғы ойынын сырт алаңда Румыния командасымен өткізіп, қарсыласын 2:0 есебімен жеңді. Ал одан бұрын ел құрамасы Румынияны өз алаңында 4:3, Нидерландты екі рет 2:0, 2:0, Әзербайжанды 4:2, 3:2 есебімен жеңген болатын.

Қазақстан құрамасы алты турдан кейін 18 ұпай жинап, турнир кестесінде 1-орын алды. Құрама команда бір тур бұрын әлем чемпионатының финалдық сатысына жолдамаға ие болды. Ал әлемдік дода келесі жылы Ташкент қаласында 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама