×

Футзалдан ӘЧ: Қазақстан іріктеу турнирін бірінші орынмен аяқтады (ВИДЕО)

Ұлттық құрама сырт алаңда Румыния командасын 2:0 есебімен жеңді

 Дастан Жұмабекұлы 21.12.2023 | 16:55
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты элиталық іріктеу турнирінің соңғы ойынын сырт алаңда Румыния командасымен өткізіп, қарсыласын 2:0 есебімен жеңді.

Ұлттық құрама сапында Шыңғыс Есенаманов 8-минутта, Біржан Оразов 26-минутта допты торда тулатты. Сөйтіп, Қазақстан құрамасы А тобындағы барлық ойында жеңіске жетті.

Ел құрамасы бұған дейін Румынияны өз алаңында 4:3, Нидерландты екі рет 2:0, 2:0, Әзербайжанды 4:2, 3:2 есебімен жеңген болатын.

Қазақстан құрамасы алты турдан кейін 18 ұпай жинап, турнир кестесінде 1-орын алды. Құрама команда бір тур бұрын әлем чемпионаты финалдық сатысына жолдамаға ие болды.

Ұлттық құрама әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдары сынға түсті.  Команда 2021 жылы 4-орынға табан тіреді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама