×

Ресей әскері Киевті тағы зымыранмен атқылады

51 адам зардап шегіп, 18 адам ауруханаға жатқызылды

 Дастан Жұмабекұлы 13.12.2023 | 14:17
Фото: REUTERS/Gleb Garanich

Бүгін түнде Ресей әскері Киев қаласын тағы зымыранмен атқылады. Соның кесірінен 51 адам зардап шегіп, 18 адам ауруханаға жатқызылды. Ракетадан зардап шеккен қала тұрғындары арасында 6 бала бар.

Украина қарулы күштерінің хабарлауынша, Киевке қарай бағыт алған он баллистикалық зымыран атып түсірілген.

Ресей әскері Украинаға дрондармен де шабуыл жасады. Олар да жойылған, – делінген хабарламада.

11 желтоқсанда да Ресей қарулы күштері Украинаның астанасын зымыранмен атқылаған болатын. Сол күні таңертең сағат 4:00 шамасында Ресей әскерінің бірнеше зымыраны Киевтің аспанында ұшып бара жатқанда жойылған. Ал қалғаны жерге түсіп, ғимараттарға зақым келтірген.

Киев мэриясының мәліметінше, сол күні әуе шабуылынан 4 адам жарақат алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

Қазір Украина Ресеймен соғыста қиындыққа душар болып тұр. Оны Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов та мойындады. Ал Зеленский мойындамай отыр. Егер ол елге соғыстағы жағдайдың қиындап кеткенін, жеңіліп жатқанын мойындаса, халықтың еңсесі түсіп, ел ішінде билікке қарсылық, наразылық болуы мүмкін. Оның үстіне Зеленский мен Қарулы күштердің бас қолбасшысы Валерий Залужныйдың арасы ушығып барады. Екеуі бір-бірін қарсы шабуылдың сәтсіздігіне байланысты айыптап жатыр деген дерек бар.

Ресей билігінің Киевті Зеленскийдің АҚШ-қа сапары кезінде зымыранмен атқылауы да тегін емес.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама