×

Ресей Киевті атқылады

Бүгін таңертең сағат 4:00 шамасында бірнеше зымыран түскен

 Дастан Жұмабекұлы 11.12.2023 | 10:17
Фото: t.me/Pravda_Gerashchenko

Бүгін таңертең сағат 4:00 шамасында Ресейдің әскері Киевті атқылады, деп хабарлады Украинаның әуе қарулы күштері.

Бірнеше зымыранның 8-і Киевтің аспанында ұшып бара жатқанда жойылған.

Киев мэриясының мәліметінше, әуе шабуылынан 4 адам жарақат алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

Қазір Батыс елдерінің коалициясында Украинаны әрі қарай қолдау мәселесі күн тәртібінде тұр. АҚШ Конгресі президент Джозеф Байденнің тағы бірнеше бастамасын қолдамай, кері қайтарды. Оның ішінде Украинаға қаржылай көмек көрсету мәселесі бар. Ал НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг егер ұйым Ресейге бірігіп қарсы тұрмаса, ертең РФ әскері Солтүстік Альянс елдеріне де қауіп төндіретінін ескертті.  

Осы ретте Германияның канцлері Олаф Шольц барлығы бірдей Украинаға көмек көрсетуді азайтса да ГФР Украинаны қолдауды бір сәтке тоқтатпайтынын мәлімдеді. Ол соғыстың жуық арада бітпейтінін де жасырмады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама