×

Еліміздің 10 өңірінде қаржы пирамидасының басшыларына қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр

Олар 3 мың адамға сан соқтырып кеткен

 Динара Амантай 09.11.2023 | 10:12
Фото: Halyq Uni

Еліміздің 10 өңірінде Eolus компаниясының атымен қаржы пирамидасы құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҚМА баспасөз қызметнің мәлметінше, істер Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тіркелген. Eolus компаниясының шын мәнінде жұмыс істейтінің дәлелі ретінде ұйымдастырушылар ENERGY EOLUS QAZAQSTAN ЖШС-ын бір азаматтың атына тіркеу арқылы оны өздерінің қылмыстық іс-әрекетіне тартқан.

Салымшылар қаражатты инвестициялау кезінде ақшаны алу үшін қажетті соманы жинақтай отырып, күн сайын 2,5-тен 3,5%-ға дейін пайда алған. Жаңа пайдаланушы тартылған кезде салым сомасының 10% мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақы, сондай-ақ жаңа пайдаланушының жыл ішіндегі күнделікті табысының 4%-ы төленеді. Осылайша, сыйақы сомасы жылдық 3 мың пайызды қамтыды. Ал Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі жылдық 16% деп көрсетілген, – делінген ҚМА хабарламасында.

Қазақстандағы өкіл ақша қаражатын екінші деңгейдегі банктегі өз шотына қабылдап, содан кейін криптобиржаға аударып, айырбастауды жүргізеді. Соңында криптошелек арқылы energyeolus.top платформасындағы өз шотына аударады Тартылған азаматтардың жалпы саны – кемінде 3 мың адам, оның ішінде 1 мың 773 салымшы 259 млн теңгеге мүліктік зиян келтірілгені жайлы арыз берген.

ҚМА қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтінін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама