×

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді

Сондай-ақ ТЖМ құтқарушылары да жіберіледі

 Динара Амантай 09.10.2023 | 12:57
Фото: t.me/KZgovernment

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, еліміз Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Аталмыш мәселе Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды. Гуманитарлық көмек азық-түлік тауарлары, шатырлар, дәрі-дәрмек, киім-кешек және басқа да қажетті заттардан тұрады. Жүктер жақын арада әуе және теміржол көлігімен жөнелтілетін болады. Сонымен қатар Ауғанстанға үйінділер астында қалған адамдарды құтқару үшін ТЖМ құтқарушылары, соның ішінде кинолог мамандар жіберіледі.

 Еске сала кетсек, бұған дейін Ауғанстанның Герат провинциясында болған жойқын жер сілкіністерінің салдарынан 120-ға жуық адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама