×

ХІХ Азиада: Асланбек Шымбергенов жапон боксшысынан жеңіліп қалды

Жанкүйерлер оған осы Азия ойындарында үлкен үміт артқан еді...

 Еркеғали Болатұлы 03.10.2023 | 15:20
фото: gov.kz

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов қола медаль алды.

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны 71 келіге дейін салмақта 2021 жылғы әлем чемпионы, жапон боксшысы Севон Окадзавамен қолғап түйістірді.

Ширек финалда өзбекстандық әлем чемпионы Асадхуджа Муйдинхуджаевтан төрешілер шешімімен алғашқы екі раундта жеңіліп жатып, ақыры нокаутқа жіберген Асланбекке жанкүйерлер осы Азия ойындарында үлкен үміт артқан еді.

Севон Окадзава – өте жылдам қимылдайтын, қаша жүріп, ұпай алуға тырысатын боксшы. Соған қарамастан, 1-раундта 5 төрешінің үшеуі Асланбекті басым деп тапты. Екінші кезеңде де солай болды. Алайда төрешілер жекпе-жек қорытындысында жеңісті жапониялық боксшыға беріп жіберді. Есеп – 2:3.

Енді Севон Окадзава алтын жүлде үшін тайбэйлік Кан Чиа Вэймен жұдырықтасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама