ТЖМ үш жасар баланы құтқаруға атсалысқан Сағи Жылқышиевті марапаттады

Қымбат Елтайқызы

Екі достың ерлігі көпшілікті тәнті етті. Оларға түрлі марапат пен сыйлық тарту етіліп жатыр

фото: Halyq Uni

Бүгін елордалық төтенше жағдайлар департаментінде Сәбит Шонтақбаевпен бірге сегізінші қабаттың терезесінен құлағалы тұрған қыз баланы құтқарған екінші жігіт Сағи Жылқышиевті марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Жылқышиев көрсеткен ерлігі үшін ТЖМ бұйрығымен «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісі, алғыс хат және қол сағатпен марапатталды.

Атап өтсек, 11 мамыр күні Сәбит досымен бірге таңертең жұмысқа бара жатқанда бір топ адамды көріп, 8-ші қабат деңгейінде тұрған баланың айқайын естіп, дереу кіреберіске жүгірген. Көршілерінің пәтері арқылы 7-ші қабатқа көтерілген Сәбит пен Сағи құтқаруға кіріскен. Сағи пәтер ішінде тұрып, Сәбитті бір қолымен оның аяғын, екінші қолымен терезені ұстап сақтандырып тұрған. 

Біз айқайды естіп, ілініп тұрған баланы көрдік. Ойымыз тек баланы құтқару болды. Ойланбастан жүгірдік, - дейді Жылқышиев.

Екі достың бірлескен күш-жігерімен санаулы минутта қыз бала құтқарылды.

Блогерлер 3 жасар қызды құтқарған жігіттің несиесін жауып, пәтер алып бермек. Марапат. Сыйлық. Пәтер: бүлдіршінді құтқарған азаматтың ерлігі ерекше еленіп жатыр. Елордадағы құтқару оқиғасы: бүлдіршіннің терезеге қалай шыққаны белгілі болды. «Аяғын ұстап тұрған»: бүлдіршінді құтқаруға көмектескен азаматқа да пәтер берілді. Бір-ақ күнде ерлігімен танылған Шонтақбаев туралы Ұлыбритания басылымы да жазды. «Халық көмектесуді емес, телефонына түсіруді ойлайды»: биыл елордада 9 бала терезеден құлаған.