×

Елордалық азамат 3 жастағы баланы ажалдан аман алып қалды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде 8-қабаттағы терезеге ілініп тұрған баланы құтқару сәті түсірілген видео тарады

 Динара Амантай 11.05.2022 | 14:42
Коллаж: Halyq uni

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, диспетчерге бүгін сағат 10:21-де Ұлы Дала көшесі, 27/1 мекенжайында 9-қабатта баланың терезе жақтауына ілініп тұрғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел түрде 7 адам мен 2 техникадан тұратын қалалық ТЖД бөлімшелері жедел жөнелтілген. ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылы туған қыз үйде ата-анасымен болған. Алайда терезеден құлау сәтінде оның жанында ешкім болмаған.

Бақытымызға орай, жетінші қабатта тұратын 1985 жылы туған Сәбит Шонтақбаев асылып тұрған баланың жылап тұрғанын көріп, еш ойланбастан басын қатерге тігіп, санаулы секундтарда қызды ұстап алып, ажалдан аман алып қалды, – деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Көрсетілген ерлігі үшін ер адам марапатқа ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама