×

Пригожинмен бірге ұшақ апатынан көз жұмған стюардесса Қазақстанда жерленді - БАҚ

Қазақстанда марқұмның анасы тұрады

 Халық үні 01.09.2023 | 21:50
Фото: 74.ru

«Вагнер» жеке әскери жасағаның жетекшісі болған Евгений Пригожиннің ұшағының апатынан көз жұмған стюардесса Қазақстанда жерленді, деп хабарлады Радио Свобода Telegram-каналы.

Апатқа ұшыраған бизнес-джеттегі жалғыз әйел Кристина Распопованы бейсенбіде, 31 тамызда Рудный қаласында жерледі. Бұл туралы тәтесі Елена Абраменкова мәлімдеген. Айтуынша, Қазақстанда марқұмның анасы тұрады.

«Анасына табытты әкеп берген. Анасы маған кеден бекетінде табытты үш сағат ұстап өткізбегенін айтты», - дейді тәтесі.

Еске сала кетсек, 23 тамызда Пригожиннің жеке ұшағы белгісіз жағдайда апатқа ұшырап, бортта болған 10 адамның бәрі қаза тапқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама