×

Ақтауда 6-қабаттан лақтырған диваннан мойны сынған жігіт көз жұмды

Ол ауруханада 8 ай жатқан

 Еркеғали Болатұлы 27.08.2023 | 14:23
фото: видеодан скриншот

Биыл қаңтарда көшеде кетіп бара жатқан кезінде үстіне 6-қабаттан диван түсіп кеткен ер адам 8 айдан кейін, кеше қайтыс болды. Бұл туралы марқұмның ағасы хабарлаған, деп хабарлады Lada.kz.

Бізге Германия мен Ресейден мамандар шақыруымызға тура келді. Себебі Қазақстандағы бірде-бір дәрігер оны қабылдамады, - деді марқұмның ағасы.

Еске сала кетсек, биыл қаңтарда Ақтаудағы 11-шағын ауданда №41 үйден төменге жиһаз түскені хабарланған болатын. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізді. Lada.kz мәліметінше, диванды лақтырған адамның кім екені ақыры анықталмаған. Ал соның салдарынан төменде кетіп бара жатқан 39 жастағы жігіттің мойын омыртқасы сынған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама