×

Тоқаев Индонезия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін айтты

 Динара Амантай 17.08.2023 | 11:23
Фото: aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезияның тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысы президент Джоко Видодоны және Индонезия халқын осы елдің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Сондай-ақ еліміздің Индонезиямен арадағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін айтты.

Айта кетсек, ұзақ жылдар бойы Инздонезия Нидерландының боданы болды. Өз тәуелсіздігін 1945 жылы 17 тамызда жариялады. Индонезия халқы үшін маңызды бұл мереке күллі ел бойынша кең көлемде аталып өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама