×

Петропавлдағы жылу электр орталығында салынып жатқан түтін мұржасы қисайып кеткен

Құлаған мұржаның орнына салынып жатқан жаңа мұржаның биіктігі 180 метр болуға тиіс

 Халық үні 11.08.2023 | 10:02
фото: instagram.com/sevkazenergo

Петропавлдағы жылу электр орталығында (ЖЭО-2) салынып жатқан түтін мұржасы бір жағына қисайды. «Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметі нысандағы құрылыстың тоқтатылғанын хабарлады.

«Севказэнерго« АҚ мамандары мұржа өсінің жобалық ережеден ауытқығанын анықтаған. Мердігер ұйым - «Қазтеплоспецстрой» ЖШС. Мұржаны салу жұмыстары дереу тоқтатылды.

Енді құбырдың қанша метрін бөлшектеуге тура келетіні есептеуден кейін белгілі болады. Барлық қауіпсіздік нормалары мен талаптарын сақтай отырып, жаңа қалып салынады. Құбыр құрылысы бойынша жұмыстар қысқа мерзімде қайта басталады.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың 20 наурызында ЖЭО-да биіктігі 150 метр болатын №1 түтін мұржасы опырылып кеткен. Төтенше жағдай кезінде 1984 жылғы машинист-қараушы әйел үйіндінің астында қалып, қайтыс болған. Оның денесін мамандар бірнеше күннен кейін тапқан.

Құлаған мұржаның орнына салынып жатқан жаңа мұржаның биіктігі 180 метр болуға тиіс. Жоспар бойынша, құрылыс жұмыстары 2023 жылдың соңында аяқталып, келесі жылы іске қосылуы керек еді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама