×

Дональд Трампқа тағы бір қылмыстық айып тағылды

АҚШ тарихында бұрынғы президентке іс қозғау бұрын-соңды болмаған

 Дастан Жұмабекұлы 02.08.2023 | 12:33
Фото: ашық дереккөз

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампқа қылмыстық айып тағылды. Айыптау актісі төрт пунктен тұрады. Құрама Штаттардың БАҚ-ның хабарлауынша, Трамп 2020 жылы президент сайлауында жеңілгендігін мойындағысы келмей,  Джо Байденнің жеңісін Конгреске растауға мүмкіндік бермеу үшін Ақ үйдің лауазым иелерімен астыртын сөз байласқан.

Трампқа арнайы прокурор Джек Смит жүргізген тергеу негізінде айып тағылған.

Бұған дейін хабарланғандай, Дональд Трампқа құпия құжаттарды сақтауға байланысты айып тағылған болатын. Айыптауда ол құпия құжаттарды заңсыз сақтау мен тергеу жұмыстарына кедергі келтірген делінген.

АҚШ тарихында бұрынғы президентке айып тағу бұрын-соңды болмаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама