×

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың үстінен іс қозғалды

Ол 5 бап бойынша айыпталып отыр

 Дастан Жұмабекұлы 09.06.2023 | 16:27
фото: ашық дереккөз

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампқа құпия құжаттарды сақтауға байланысты айып тағылды. Енді Майами штатының соты Құрама Штаттардың бұрынғы мемлекет басшысының ісін келесі аптада тыңдауы мүмкін.

Трампқа 5 бап бойынша іс қозғалып отыр. Оның ішінде құпия құжаттарды заңсыз сақтау мен тергеу жұмыстарына кедергі келтіру бар, – деп хабарлады CNN телеарнасы.

АҚШ тарихында федеральдық прокурор бұрынғы президентке алғаш рет айып тағып отыр. Мұндай оқиға бұрын-соңды болмаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама