×

Михаил Кукушкин Президент кубогы үшін турнирдің екінші айналымына шықты

Енді ол ширек финалда Үндістанның немесе Жапониянның теннисшісімен ойнайды

 Дастан Жұмабекұлы 25.07.2023 | 18:20
фото: Қазақстан теннис федерациясы

Михаил Кукушкин Астанада өтіп жатқан Президент кубогы үшін ATP Challenger Tour 50 турнирінің екінші айналымына шықты.

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген теннисші алғашқы кездесуін ресейлік Евгений Тюрневпен өткізді. Кукушкин қарсыласын 6:2, 6:0 есебімен ұтты.

Енді Кукушкин ширек финалға шығу үшін үндістандық Дигвиджай Сингх немесе жапониялық Рента Токуданың біреуімен кездеседі.

Тимур Мәуленов жекелей сында Польша өкілі Филипп Пеливоға 6:7 (4:7), 1:6 есебімен жеңілді.

Тағы бір қазақстандық 19 жастағы Арысланбек Айтқұлов іріктеу сайыстарының финалында үндістандық Калианда Пуначеден 1:6, 3:6 есебімен ұтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама