×

Теннисші Жібек Құламбаева тұңғыш рет Рим турнирінің жеңімпазы атанды

Ол Белурусь өкілі Юлия Готовкомен бірге қарсыластарын 6:4, 6:4 есебімен ұтты

 Дастан Жұмабекұлы 17.07.2023 | 12:06
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстан теннисшісі Жібек Құламбаева жұптық сында Италияның Рим қаласында өткен ITF W60 турнирінің жеңімпазы атанды.

Құламбаева Белурусь өкілі Юлия Готовкомен бірге финалда жарыстың бірінші ракеткалары – колумбиялық Юлиана Лизаразо және Мария Паулинамен кездесіп, екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Тағы бір қазақстандық спортшы – Ақтөбе теннис мектебінің 15 жастағы түлегі Зара Дәркен Италияның Палермо қаласында өткен WTA 250 турнирінде алғашқы матчын өткізді. Зара іріктеу сайысында әлемнің 316-ракеткасы, нидерландылық Ева Веддерге 2:6, 1:6 есебімен жол берді.

Ал Андрей Голубев жұптық сында Австрияның Зальцбург қаласында аяқталған челленджер турнирінің жеңімпазы атанды. Ол украиналық Денис Молчановпен бірге финалда үнді теннисшілері Анируд Сандрасекар мен Виджай Сундар Прашантпен чемпиондық атаққа таласты.

Бірінші партияда қазақстандық-украиналық жұп 6:4 есебімен басым түсті. Содан кейін екінші сетте тай-брейкте 7:6 (10:8) есебімен намысты қолдан бермеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама