×

Қырым көпірінде жарылыс болды (ВИДЕО)

Былтыр 8 қазанда түбекті Ресеймен байланыстыратын жолға соққы берілген болатын

 Дастан Жұмабекұлы 17.07.2023 | 11:42
Фото: ашық дереккөз

Бүгін таңғы 3:00 мен 3:20-да Қырым көпірінде екі жарылыс болды. Бұл туралы Ресей тағайындаған Қырым Республикасының басшысы Сергей Аксенов хабарлады. Ол көпірге теңіз күштерінің дрондары жарылғыш заттармен шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Бүгін таңғы сағат 3:20 шамасында Қырым көпірінің 145 тірек бағанының аймағында жарылыс болды. Осыған байланысты төтенше жағдай жарияланады. Түбектің тұрғындары мен қонақтарынан жаяу жолды таңдауды сұраймыз, – деді ол.

Қазір көпірде теміржол және автомобиль көлігінің қозғалысы тоқтатылды.

Ресей президенті Владимир Путинге көпірдегі төтенше жағдай туралы хабардар етілді. Шұғыл қауіпсіздік кеңесі шақырылады деп күтіліп отыр.

Қолда бар мәліметке қарағанда, түнгі соққыдан Қырым көпірінің бір бағаны құлап, 2 адам қаза тапқан.

Бұған дейін хабарланғандай, былтыр 8 қазанда Қырым көпірінде жойқын жарылыс болып, бір бөлігіндегі 7 жанармай цистернасы өртеніп кеткен еді.

Сол кезде жарылыстан 3 адам қаза тауып, 8 адам тұтқындалған болатын. Осы жарылысқа Ресей Украинаның арнайы қызметін айыптады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама