×

Бүгін таңертең Қырым көпірінде жойқын жарылыс болды

Соның салдарынан жанар-жағармайы бар 7 цистерна отқа оранған

 Еркеғали Болатұлы 08.10.2022 | 13:33
фото: ашық дереккөз

Қырым көпірінде жарылыс болып, бір бөлігіндегі жанармай цистернасы өртеніп кетті деп мәлімдеді Қырым басшысының кеңесшісі Олег Крючков.

Оның Telegram арнасында көпірдегі кеме аркаларының зақымдалмағаны жазылған. Алайда көпір арқылы өтетін көлік қозғалысы тоқтатылған. Қазір өрт сөндіріліп жатыр.

Қырым төтенше жағдайлар қызметі бұғаз арқылы өтетін көлік өткелі бойынша пойыздардың қозғалысы да тоқтатылғанын хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыс шамамен бүгін таңғы сағат 6-да болған. Жүк көлігі жарылып, соның салдарынан жанар-жағармайы бар 7 цистерна отқа ораныпты.

Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама