×

Уимблдон-2023: Елена Рыбакина ширек финалда жеңіліп қалды

Тунис теннисшісі Онс Жаберден жеңілді

 Халық үні 12.07.2023 | 21:50
фото: Ktf.kz

Ширек финалда қазақстандық теннисші әлемнің 6-ракеткасы тунистік Онс Жаберден 7:6 (7:5), 4:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды. 

Теннистен Англия ашық чемпионатының қазіргі чемпионы Елена Рыбакина жекелей сында 1/4 финалда Тунис теннисшісі Онс Жаберден жеңілді. Матч 1 сағат 54 минутқа созылды.

Өткен жылы Рыбакина Уимблдон финалында Жаберді 3:6, 6:2, 6:2 есебімен ұтқан болатын.

Жартылай финалда Онс Габер Беларусь теннисшісі Марина Соболенкомен (әлемдік рейтингте – екінші орында) ойнайды. Марина Соболенко әлемдік рейтингте – екінші орында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама