×

TikTok-та заңсыз ойын ұйымдастырған шымкенттік тергеліп жатыр

Бір айдың ішінде ақша айналымы 15 млн теңге болған

 Динара Амантай 12.07.2023 | 09:51
Фото: catherineasquithgallery.com

Шымкентте TikTok әлеуметтік желісі арқылы заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру фактісі анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі

Қаржылық мониторинг агенттігі оқиға орнын тексеру барысында 1995 жылы туған азаматтың интернет желісі арқылы төрт аккаунтпен «Тринка Шамай» ойынын ойнатқаны анықталды. Өзінің жауабында ол тікелей эфир арқылы ойнатқан ТикТок аккаунттарды және ақша қаражаттарының түсуі мен аударылуын қадағалайтын банк картасын бейтаныс азаматтардан сатып алып, пайда табу мақсатында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғанын атап көрсетті.

Қарап-тексеру барысында ұялы байланыс телефондары, карта таратуға арналған аппараттар, ойын карталары, ойыншылардың есімдері көрсетілген тізім айғақты заттар ретінде тәркіленіп алынды. Ұялы телефонда орнатылған банк қосымшасына талдау жасау барысында соңғы 1 ай ішінде жалпы қаражаттардың айналымы 15 млн теңге болғаны анықталды.

Бұзушылықтың мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама