×

Бубликтің Уимблдонда төртінші айналымға шыққандағы табысы жарияланды

Енді ол әлемнің 7-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевпен ширек финалға шығуға таласады

 Еркеғали Болатұлы 08.07.2023 | 10:00
фото: globallookpress.com

Уимблдон турнирінің төртінші айналымына алғаш рет шығып тұрған қазақстандық теннисші Александр Бубликтің қанша гонорар алатыны белгілі болды.

Sports.kz-тің мәліметінше, төртінші айналымға шыққаны үшін Бублик 207 мың фунт стерлинг (шамамен 118 миллион теңге) табыс тапты.

Финалдың 1/8 матчында оның Рублев-Гоффен жұбының жеңімпазымен ойнайтыны хабарланған болатын. Бұл матчтың жеңімпазы да анықталып үлгерді. Сонымен отандасымыз әлемнің 7-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевпен ширек финалға шығу үшін таласады.

Бұның алдында теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бубликтің Ұлыбритания Ашық чемпионатының үшінші айналымын еңсергені хабарланған еді. Үшінші айналымда қазақстандық теннисші Германия өкілі Максимилиан Мартерерді (АТР рейтингінде 170-ші) 6:4, 6:1, 7:6 (7:4) есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 51 минутқа созылды. Александр Бублик 10 рет эйс орындап, 9 брейк-пойнттың 4-ін сәтті іске асырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама