×

«Қазақстан инжиниринг» санкцияға ұшыраған компанияға қатысты мәлімдеме жасады

«Тыныс» АҚ әскери зауыт емес

 Халық үні 03.07.2023 | 12:54
Фото: «Қазақстан инжиниринг» ресми сайтынан

«Тыныс» АҚ Ресей мен Беларуське арнайы қорғаныс киімдерін сатқан жоқ, деп мәлімдеді «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. 

Көкшетауда өндірілген арнайы қорғаныс киімдерін Ресей мен Беларусьтің күш құрылымдары да сатып алды» деген тезис шындыққа жанаспайды. Бүкіл тарих бойы «Тыныс» АҚ бұл өнімді ешқашан экспортқа шығарған емес, – делінген хабарламада.

Компания мәліметінше, ҚР Үкіметінің қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салуына байланысты «Тыныс» АҚ та, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың құрылымының қандай да бір кәсіпорны экспортқа қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізбейді.

Бізде бұл компанияны Украинаның санкциялар тізіміне енгізуге қатысты мәселе бойынша ресми ақпарат жоқ, – деп мәлімдеді «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Украинаның санкциясына салынды деген «Тыныс» АҚ жаңа басшысы осыған қатысты түсініктеме берген еді. 

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Үкімет қаулысы бойынша 2023 жылғы 10 мамырда «Тыныс» АҚ-тың 100% жай акциялар пакеті Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz Веб-порталындағы электрондық конкурс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының азаматына сатылғанын хабарлайды. 

Компания мәліметінше, көпсалалы «Тыныс» АҚ әскери зауыт емес. Оның негізгі қызметі азаматтық өнім өндіруге бағытталған.

2005 жылы «Тыныс» АҚ неміс өндірушісі Krauss Maffei жабдықтарында диаметрі 10-нан 250 мм-ге дейінгі полиэтилен құбырларын өндіру бойынша инвестициялық жобаны іске асырды. Бұл жоба халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.

2009-2010 жылдары диаметрі 110-нан 1000 мм-ге дейінгі полиэтилен құбырларын шығаратын жаңа желілер іске қосылды.

Бұдан басқа, 2013 жылы «Тыныс» АҚ өндірістік қуаты жылына 1000 тоннаға дейін газдандырылатын модельдерді құю өндірісін игеру бойынша инвестициялық жобаны іске асырды. Бұл жоба кәсіпорынға өнім ассортиментін кеңейтуге және ауылшаруашылық, теміржол және мұнай-газ салаларының қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, «Тыныс» АҚ өкпені жасанды желдетудің мобильді аппараттарын (ӨЖЖ), электр жетегі бар мүгедектер арбаларын, сондай-ақ ОП және ОУ өрт сөндіргіштерін өндіруге маманданған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама