×

Маңғыстауда өзінің 3 баласын өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

Ер адам 3 баласын өлтіргені үшін кінәлі деп танылды

 Халық үні 27.06.2023 | 20:44
Фото: alashainasy.kz

Маңғыстауда өзінің 3 кішкентай баласын аса қатігездікпен өлтірген ер адам өмір бойына сотталды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

«Сот үкімімен Е. есімді азамат ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, кәмелет жасына толмаған балаларға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, өмір бойына сотталды», – деп хабарлады облыстық сот.

Ол 3 баласын өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Соттың мәліметінше, ер адам балта және пышақпен қаруланып, үйге келген соң аса қатыгездікпен өзінің 3 баласын өлтіріп тастаған.

Ер адам өкініп, кінәсін мойындады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама