×

Трансұлттық есірткі тасымалдаушы топтың жолы кесілді

Олар бірнеше есірткі зертханасын ашқан

 Дәурен Ерболат 27.06.2023 | 13:54
Фото: ІІМ

Қазақстанда трансұлттық есірткі тасымалдаушы топтың жолы кесілді, деп хабарлады Polisia.kz.

Синтетикалық есірткіні өндірістік ауқымда өндіру үшін елге прекурсорлар жеткізумен айналысқан трансұлттық топқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл топ көршілес мемлекеттердің азаматтарынан құралған, - деп жазылған хабарламада.

Топ мүшелері Қазақстанда бірнеше есірткі зертханасын ашып, «синтетика» жеткізушілер мен осы есірткі түрін жасырын қойып кетушілерді «жұмысқа» тартуды жоспарлаған.

Бүгінде Алматы қаласы прокуратурасының көмегімен Қылмыстық кодекстің 264-бабы («Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету») негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша мүлкін тәркілеп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама